"Билік карантинге қарамай талқылаған заңдарда не өзгерді?"."Көкелер байыған сайын қоғам кедейленіп барады ал бұған заң не дейді?". "Құдай мен мұнай. Қара алтынсыз болашаққа дайынбыз ба?". "Мал бар, бағатын жер жоқ".

29 сәуір 15:10 2625 рет қаралды

QAZAQTIMES.COM. «Оспан батыр бастаған ұлтазаттық күрестің ақырғы арпалыстары» -  Дала Көкжалы, XX ғасырдағы қазақтың ұлтазаттық қозғалысының жетекшісі – Оспан батыр Сіләмұлы өткен ғасырдың орта шенінде  ұлтының азаттығы мен тәуелсіздігі жолында Кеңес одағы және оның өз мүддесіне құрған Шығыс Түркістан Республикасы қуыршақ үкіметімен, Қытайдың Гомин және коммунистік үкіметімен қан кешіп ұрыс салған ұлт қаһарманы. Ол туралы АҚШ зерттеушілері "Қазақтың XX ғасырдағы алтын аңызы" деген ат та берген.

«Солтүстік Корея: Ақбоз атпен Пектусанға кім шығады?» - Әлемдік ақпарат құралдарындағы ең негізгі тақырыпқа айналған Қытайдан бастау алған COVID-19, бүгінге дейін әлем экономикасының алға сүйреуші болып келген мұнай бағасының ең төменгі шетктен де құлдырап кетуімен бірге корей КХДР-ның дара билеушісі, салыстырмалы түрде болса да бейбіт әлемді ара кідік ядролық қаруымен қопақтатып отыратын Ким Жоң-уннің(Kim Jong-un) жағдайыда кеңінен талқыланып жатыр. 

NUR.KZ. «"Күтпедім": Түсіпбаева Мадина Сәдуақасовамен не үшін араздасып қалғанын айтты» - Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева алғаш рет Мадина Сәдуақасовамен жанжалдасуына не себеп болғанын ашып айтты. Белгілі болғандай, қос жұлдыз лотерея ойынына қатысты араздасып қалған.

 AZATTYQ.ORG. "Мал бар, бағатын жер жоқ". Жекеге өткен жерді ортақ меншікке қайтаруға бола ма?» - Ауыл тұрғындары "мал бағатын жер жоқ" деп шағымданады. Сарапшылар заң қабылдап, Жер кодексін өзгерткенімен билік жайылым жерді халыққа қайтара алмай отырғанын айтса, депутат "жерді қайтаруға жергілікті әкімдіктердің құзыреті бар" деп санайды.

«Билік карантинге қарамай талқылаған заңдарда не өзгерді?» - Қазақстан парламентінің мәжілісі коронавирус карантині кезінде конституциялық бірнеше заңға өзгеріс енгізуді мақұлдады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен "Сайлау туралы" заң және "Саяси партиялар туралы" заңның кейбір бабы жаңартылды. Заң жобаларын әзірлеген әділет министрлігі де, мақұлдаған депутаттар да өзгерісті "демократияға қарай қадам басу" деп бағаласа, құқық қорғаушылар керісінше, "көз бояу" деп атады. Қырғызстан парламентінің депутаты да өзгерістерді "рефома деуге келмейтінін" айтады.

 QAMSHY.KZ. «Қаржыгер: Мемлекеттің 42500 теңге беріп, «үйде отырыңдар» деуі орынсыз» - Қаржыгер Жасұлан Кушебаев «42500 теңге төңірегіндегі дүрбелең көп адамның бұған дейін алып келген жалақысының күнкөрістен аспай келгенін көрсетті» деп санайды.

«БҰҰ: Ашаршылық болуы мүмкін» - БҰҰ 265 миллион адам коронавирустың салдарынан болатын аштықтан зардап шегуі мүмкін екенін ескертті. "Біз ашаршылық өте ауқымды болуы мүмкін деп алаңдаймыз" деді БҰҰ-ның азық-түлік өнімдерін жеңілдету жөніндегі агенттігінің басшысы Дэвид Бисли британдық Guardian газетіне. 

ZHASALASH.KZ. «Құдай мен мұнай. Қара алтынсыз болашаққа дайынбыз ба?» - Қазір нашақор есірткіге қалай тәуелді болса, еліміз де брент бағасына солай тәуелді екенін бес жасар балаға дейін біліп алды. Экономистер "мұнай инесі" деп атаған құбылысқа еліміз соңғы 20 жыл бойы шырмалып келеді және одан құтылудың амалын таппай келген еді. Енді коронавирус бізге тамаша мүмкіндік беріп отыр.

«Көкелер байыған сайын қоғам кедейленіп барады ал бұған заң не дейді?» - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік басшысы Алик Шпекбаев заңсыз байығандардың жауап беретін кезеңі әлі алда екенін  жиі айтып жүр. Тіпті былтыр «келер 2020 жыл – бай-бағландардың сәні мен салтанаты үшін есеп беретін жылы» деп күттік.  Бірақ тапқан табысы, жиған мүлкі  арагідік айтылып қалғанымен, біздегі  бай-манаптар байлығын  ашық жария етуге асығар емес. Осыған орай, халықтың арасында олардың заңды түрде байып жатқанына күмән мен күдік өте көп. Күмәнді сейілту үшін, әрине, бізге тігісі мықты заң керек.

«Көшеге шығудың» әлегі» - Президентке рақмет, қанша сөзбұйдаға салса да, саяси реформаның негізі болып табылатын үш заңды өзгертуді күн тәртібіне қойды. Парламентке де рақмет, бір айдың ішінде екі заңға өзгертулер мен толықтыруларды дайындап, тағы бір заңды жаңадан жазып шықты.  Бірақ, меніңше, көңілімізде бір түйткіл қалған сияқты. Бұлардың бәрінің жүзеге асырылуы  «терең саяси реформадан» гөрі биліктің баяғы қулықтары мен жариялылықты айналып өтудің тәсілдерін еске салатын сияқты.

NEGE.KZ. «Әсіредіншілдер 100 келі алтынды не істемек болды?» - Бұл оқиғаның сюжеті голливудтық вестернді немесе тайга мен алтын іздеушілер туралы ресейлік арзанқол сериалды еске түсіреді. Қылмыскерлер дәп бір кинодағыдай алтын өндіруші компанияны тонамақшы болады. Бұл қылмыс 2009 жылы 7 қазан күні Астанадан (қазіргі Нұр-Сұлтан) 185 шақырым жерде, Степногорскі – Ақкөл тас жолының бойында болған.

«Қауіпсіздігіміздің кілті Кремльдің қолында» - Кремль ТМД елдері қарулы күштерінің бірлескен байланыс жүйесін құрмақ. Әрине, оның орталығы Мәскеуде орналасады. Қазақ билігінің осы келісімге қосылу ниеті бар. ҚазТАГ ақпарат агенттігі осындай қаулы жобасын жария етті. Nege.kz осы мәселені оқырманға жіліктеп беруді жөн көрді.





Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру