"Оразаның қандай нығметтері бар?", "Талғат Аян: Наразылыққа шығарда жауапкершілік барын білдік", "Марғұлан Сейсембай: Олар мені қамап тастамақшы", "Британдық газет: Ким Чен Ынның өлімі ядролық соғыс қаупін тудырады".

24 сәуір 16:15 735 рет қаралды

QAZAQTIMES.COM. «Марғұлан Сейсембай: Олар мені қамап тастамақшы» - Белгілі меценат, қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай өзінің Фейсбук желісінде өзіне қауіп төнуі мүмкін екендігін жазды.  Бұған дейін елдегі қоғам белсенділері түрлі айыппен қамауға алынған болатын.

«Түркиядағы індет жағдайы дүрбелеңдерге ұласты» - Түркияда соңғы күндері індет жағдайы ауырлап кетті. Түрік елінде бір күннің ішінде тіркелген аурулар саны Қытайдағы жалпы ресми статистикадан асып кетті. Соған қарамастан түрік билігі экономикалық шығындардан қорқып, елде карантин шараларын күшейтпей отыр.

«Сөз бостандығының атласы: Қазақстан «нашар», Өзбекстан «жақсы» баға алды" - Өзбекстан сөз бостандығы рейтингінде 4 орынға жоғарылады. «Шекарасыз тілшілер» (Reporters Without Borders/RSF) халықаралық үкіметтік емес ұйымының есебінше, оңтүстіктегі көрші ел алғаш рет Қазақстанның алдына түсті. 

NEGE.KZ. «Трамптың өзі коронавирустың келетініне сенбеді» - Әлемді жайлаған коронавирус індеті өршіп барады. Бұған дейін Испания, Түркиядағы ахуалды қандастар арқылы білген едік. Бұл жолы індеттің ошағына айналған АҚШ-тағы жағдайды Мичиган штаты университетінде білім алып жатқан журналист Жолдас Өрісбайдан сұрадық.

«Руандадан да қалып қойдық» - «Шекарасыз репортерлер» (RSF) халықаралық ұйымының ақпары бойынша Қазақстан баспасөз бостандығы индексінде 180 орынның 157-сіне орнықты, оның алдында Өзбекстан, Руанда және Түркия тұр, ал Сингапур, Судан және Бурундиде жағдай біздегіден де төмен екен.

QAMSHY.KZ. «Британдық газет: Ким Чен Ынның өлімі ядролық соғыс қаупін тудырады» - Батыс басылымдарында Ким Чен Ынның отадан кейін өмір үшін күресіп жатқаны туралы ақпарат пайда болғаннан бері Ким отбасының биліктен тайдырылуы, ядролық соғыс қаупі жайында болжамдар айтылуда.

«Иран әскери спутнигі Вашингтонды атуы мүмкін бе?» - Иран Ислам революциясы күзет корпусы (IRGC) алғаш рет әскери спутнигін орбитаға сәтті ұшырды. Көп өтпей Дональд Трамп АҚШ әскери-теңіз күштеріне америкалық әскери кемелерге қысым жасайтын кез келген ирандық жылдам қайықтарды атып, жойып жіберуді бұйырды.

AZATTYQ.ORG. «Талғат Аян: Наразылыққа шығарда жауапкершілік барын білдік» - Осыдан тура төрт жыл бұрын, 2016 жылы сәуірдің 24-і күні Атырауда мыңға жуық адам алаңға жиналып, жерді шетелдіктерге жалға беруге қарсылық білдірді. Атырауда басталған наразылық кейін елдің басқа аймақтарында да жалғасты. Жұрт наразылығынан кейін билік жерді шетелдіктерге жалға беруге мораторий жариялады. Бұған қоса, жер реформасына қарсы митингіге қатысқан атыраулық белсенділер – Макс Боқаев пен Талғат Аян бес жылға сотталды. 

EGEMEN.KZ. «Ғылмани хазіреті ажалдан қалай аман қалды?» - 1929 жылдың күзі.  Кеңес үкіметі дәулетті адамдардың мал-мүлкін кәмпескілеп, өздерін жер аударып көзін жойып жатқан кез. Одан қалды ел ішіндегі қожа-молдаларды тұтқындап, түрмеге тоғытып жатқан заман. Арқаның шұрайлы қоныстарының бірі – Ерейментаудың Төре ауылында мешіт пен медіресе бар еді...

«Аралды зерттеуші Бутаков» - Арал теңізін зерттеуші, оны бойлап кемемен алғаш еркін жүзуші, біршама толық картасын бірінші жасаушы, кейін контр-адмирал шеніне дейін жетіп, ғылыми табысы бүкіл әлем ғалымдары тарапынан жоғары бағаланған Алексей Иванович Бутаков (1816-1869), әрине, ең алдымен Ресей патшалығының игілігіне қызмет етті.

«Оразаның қандай нығметтері бар?» - Күллі мұсылмандар арасында рамазан айының мұншалықты маңызға ие болуына басты себеп – Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с): «Рамазан айында жақсы іс жасаған адамға Алла басқа айларда жасағаннан жетпіс есе көп сауап жазады» деген хадисі. Бұл өсиет-хадис жақсылықтан үмітті мүминдердің оразаға деген ынта-ықыласын оятса, тақуалар үшін бұл ай нәпсі тізгіндеудің кемел амалы деп біледі.





Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру