Коронавирус ешқайда кетпейді және жоғалмайды– Денсаулық сақтау министрі

3 сәуір 11:06 952 рет қаралды


Егер коронавирустың таралу қауіпі сәуір айының ортасына дейін сақталса, Қазақстанда карантин ұзартылуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

"Шешім жағдайға байланысты қабылданады. Егер сәуір айының ортасын дейін көптеген науқастар мен басқа елдерден жұқтырғандардың келсе, қауііп сақталса, карантин ұзартылуы мүмкін», - деді Биртанов.

Оның ойынша, елде орта мерзімді перспективада барлық мемлекеттер секілді сырқаттанушылық қауіпі салыстырмалы түрде теңестіріледі.

"Сол кезде бір-бірімізден қорғанудың мәні болмайды, өйткені интеграция, экономика маңызды, біртіндеп карантин алынып тасталады", - деп жалғастырды Біртанов.

Сонымен қатар, ол ғалымдардың жағдайдың одан әрі қалай дамитыны туралы болжамдарын айтты.

"Коронавирустық инфекция ешқайда кетпейді және жоғалмайды. Басқа індеттердің тәжірибесі бойынша ғалымдар екі нұсқаны болжайды. Вирус әлсіреп, құс тұмауы, шошқа тұмауы түріндегі сирек штаммдарға, Қазақстанда мезгіл-мезгіл анықталатын жеке жағдайларға айналады", - деді министр.

Екінші нұсқа: вирус қауіпті болып қала береді, тиімді вакцина әзірленгенге дейін оны ұзақ уақыт бақылауда ұстау қажет болады.

"Бірақ бұл ғалымдардың футуристік болжамы. Бірінші сценарийге үміттенеміз", - деді Біртанов.

Біртанов, сондай-ақ, Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 3,5 мың адамға дейін жетуі мүмкін екенін еске салды.

"Біз 3,5 мыңды сәуір-мамыр айларында болжап отырмыз. Қазіргі жағдай бойынша біздің болжамымыз осындай. Бәрі де біздің карантинді қалай сақтайтынымызға байланысты", - деді министр.

Денсаулық сақтау министрі карантин мәселесі - оның ұзақ уақыт бойы сақталуы өте қиын, сондықтан оны дер кезінде енгізіп, індеттің реттелуін күту керек екенін атап өтті. Оның айтуынша, аурудың күрт өршуіне жол бермеу керек.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру