ТЖ және карантин: прокуратура немен айналысуда

1 сәуір 2020 22:59 2603 рет қаралды


Бірер сағаттан кейін, түн ортасында Атырау толығымен карантинге жабылады. Осыған байланысты Атырау облысының прокуроры Халидулла ДӘУЕШОВ «Атырау-Астрахан» және «Атырау-Орал» бақылау-өткізу бекеттеріне барды. Бұдан басқа, мобильді прокуратура тобы төтенше жағдай мен қалада орнатылған карантин режимінің қалай сақталатындығын үнемі тексеріп отырады. Бүгінде осы режимді бұзғаны үшін 38 адам әкімшілік жауапқа тартылды.

- Өткізу бекеттеріне шығу нәтижелері бойынша шектеу шараларын жүзеге асыру барысындағы өкілетті органдардың әрекеттері үйлестірілді - бізде ешқашан мұндай нәрсе болған емес. Сондықтан туындаған жеке мәселелерге заң аясында анағұрлым жауапкершілікпен және ақылға қонымды әрекет ету жүктелді, - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Прокуратура коронавирус жұқтырған деп, үш азаматтың жеке деректерін әлеуметтік желілерге жариялау фактісіне қатысты жақында басталған сотқа дейінгі тергеуді де бақылауға алған.

- Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 274 (көрінеу жалған ақпарат тарату) және 147 (Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және ҚР Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу) баптары бойынша жүргізілуде, - деп хабарлады прокуратура.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті облыстық прокуратураның баспасөз қызметі ұсынды



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.