Атырауда 12 адам коронавирус жұқтырған

29 наурыз 22:32 3459 рет қаралды


Облыс көлемінде қауіпті дертке шалдыққан жалпы саны 12 адам тіркелді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, дертті жұқтырған жетінші және сегізінші науқас 25 пен 50 жастағы екі әйел. 

Олардың 21 наурыздағы "Нұр-Сұлтан - Атырау" бағытындағы пойызбен келгені анықталды. Осы пойызбен келген тағы бір қыз 27 наурыз күні коронавирустық инфекциямен ауруханаға жатқызылған. 

Тағы екі адам "Алматы-Атырау" рейсімен келген 14 жастағы қызбен байланыста болған. Олар 1999 жылғы қыз бен жігіт, екеуі де студент. 

Ал, басқа екі адам - 1974 және 1973 жылы туған әйел адамдар, №3 қалалық емхананың медицина қызметкерлері.

Қазіргі уақытта дертке шалдыққандар оқшауланып, емделуге жіберілді. Жауапты органдар науқастармен байланыста болған адамдарды іздестіру үстінде.

Өңірлік коммуникациялар қызметі




Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.