Атыраудағы коронавирус жұқтырған бес науқастың жағдайы туралы не білеміз

29 наурыз 10:31 1052 рет қаралды


Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, коронавирус инфекциясы бар 5 науқастың жағдайы қалыпты, олар өзін жақсы сезінуде, дене қызулары жоқ.

Дәрігерлердің айтуынша, барлық емделушіге хаттамаға сәйкес стандартты ем тағайындалған. 

 - Бұл лопинавир, ритонавир сияқты препараттар.  Олар науқастарға  күніне екі рет тамыр ішінен салынатын вирусқа қарсы инъекциялар.  Мұндай ем COVID-19 жұқтырушыға 14 күн бойы жасалады, - деп атап өтті Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.





Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.