Тағы 12 коронавирус расталды. Елде ауруды жұқтыру 109 жағдайға жетті

26 наурыз 18:01 366 рет қаралды


26 наурыздағы сағат 16:20-ға сәйкес, Қазақстанда коронавирус жұқтырудың тағы 12 жағдайы тіркелді, Нұр-Сұлтанда - 6 жағдай, Алматы қаласында - 6 жағдай, деп хабарлайды zakon.kz.

Осылайша елде коронавирус жұқтырудың 109 жағдайы расталды, оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласы – 61 жағдай,

Алматы қаласы – 40 жағдай,

Қарағанды қаласы – 2 жағдай,

Алматы облысы – 1 жағдай,

Ақтөбе облысы – 1 жағдай,

Шымкент қаласы – 2 жағдай,

Жамбыл облысы – 1 жағдай,

Солтүстік Қазақстан облысы – 1 жағдай.

Қазірге дейін Қазақстанда 109 науқас анықталды. Екі адам коронавирустан айықты. 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин режимі енгізілді. 26 наурыздан бастап Алматыда дәріхана мен азық-түлік дүкендерінен басқа нысандардың бәрі жабылды.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру