Атырауға шетелден келгендерді оқшаулау үшін студенттік жатақханалар пайдаланылады

26 наурыз 17:32 624 рет қаралды


Әлеуметтік желілерде шетелден оралған қазақстандықтарды оқшаулау үшін Атыраудағы оқу орындарының жатақханаларында орындар әзірленіпті деген ақпарат таралды. Неліктен бұл үшін жасөспірімдер білім алатын және тұратын жерлер пайдаланылады, деп қала тұрғындары наразылық білдіруде.

Біз облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне жүгіндік. Ол жердегілер 1В санатындағы елдерден оралған қазақстандықтар үшін төмендегі қосымша орындардың дайындалғанын растады:

1. Энергетика және құрылыс колледжінің жатақханалары;

2. Кіші Өнер академиясының жатақханалары;

3. Атырау мұнай және газ университетінің жатақханалары;

4. Х.Досмұхамедов атындағы АМУ жатақханалары;

5. Махамбет ауданындағы «Баймешова» ЖК қонақ үйі;

6. «Береке» ықшамауданындағы көппәтерлі жаңа үй.

Айта кету керек, адамдар бұл нысандарда шамамен бір тәулік - коронавирусқа жасалған анализ нәтижелері анықталғанға дейін қалады. Жақында ол жерде Қырғызстаннан балаларымен бірге келген аналар және Амстердамнан оралған студенттер болды.

Барлығының нәтижелері теріс болды, қазір олар 14 күнге үй карантиніне жіберілді жәнер учаскелік дәрігерлердің қатаң бақылауына алынған, деп сендірді баспасөз қызметі.

Ғимараттарға келер болсақ, бақылауға алынғандар келгенге дейін және кеткеннен кейін бірнеше рет залалсыздандырылады.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру