Атырау облысында қажетті аппаратқа тапсырыс жалғасуда

26 наурыз 16:59 416 рет қаралды


Қазір Атырау облысының медицина мекемелерінде 104 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Оның 61-і ересек адамдарға арналған. Тағы 20 аппаратқа тапсырыс берілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Туберкулезге қарсы күрес диспансерінің жанында бөлек тұрған ғимаратта 100 кереует және Махамбет ауданында 100 кереует дайын – барлығы 200 провизорлық орын болды. Оған 1А санатындағы елдерден келген азаматтарды 14 күн карантинге орналастырады. Сондай-ақ, №2 облыстық ауруханада тағы 130 орын дайындалған.

Қазіргі таңда Атырау облысында коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА   



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру