Тазалық - денсаулық кепілі

26 наурыз 16:41 393 рет қаралды


Атырау әкімінің баспасөз хатшысы Әлібек НАУАРОВТЫҢ айтуынша, қазіргі уақытта қалада 26 бағытқа 160 автобус жолға шығып жүр. Әр шыққан сайын соңғы аялдамаға жеткенде автобустың іші залалсыздандыру құралдарымен сүртілу керек. Егер сіз қоғамдық көлік жүргізушісі бұл тәртіпті орындамай, қайтадан жолға шыққанын көрсеңіз, 20-53-63 телефон нөмірі бойынша қоңырау шалып, шағымдануыңызға болады.

Енді бұл телефон нөмірлері автобустардың іші шаң, лас деп «АЖ» редакциясына шағымданатын қала тұрғындарының қажетіне жарайтын болар.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Перейти к комментариям (1)