Қазақстанда тағы тоғыз адамнан коронавирус табылды, науқастар жүзге жуықтады

26 наурыз 13:38 477 рет қаралды


Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 26 наурыз түсте Нұр-Сұлтанда тағы тоғыз адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады.

Коронавирус жұқтырғандар Қазақстанда біртіндеп көбейіп келеді. Осылайша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 97 адамға жетті. Алматыда - 34 адам, Нұр-Сұлтанда - 55 адам, Қарағандыда - екі адам, Шымкентте - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Жамбыл облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам емделіп жатыр.

25 наурызда Қазақстан үкіметі екі адам дертінен айыққанын хабарлаған.

Қазақстан коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жариялады. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті.

АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, қазір әлемде 470 мыңнан астам адам вирус жұқтырып, 21 мыңнан астам адам қаза болған. 114 мыңнан астам адам сауығып шыққан.

Дереккөз: Аzattyq.org



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру