ТШО арнайы ұшақпен Польшадағы студенттерді Атырауға жеткізді

26 наурыз 13:22 995 рет қаралды


25 наурыз күні кеште Халықаралық Атырау әуежайында «Теңізшевройлдың» ұшағы қонды. Бұл сапарда Польшада оқып жатқан атыраулық және маңғыстаулық студенттер Қарағандыдан жеткізілді.


Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, арнайы ұшақпен 27 атыраулық және 6 маңғыстаулық азамат  келген.  

-Польшадан келгендердің барлығын Қарағандыда тексеруден өткізді, коронавирус жұқпаған. Тексеруден кейін олар екі күн карантинде болды, - деп хабарлады «АЖ»ға облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ.

Атырауға келген жастардың дене қызуы өлшеніп, үйге карантинге жіберді, ал маңғыстаулықтар өз аймақтарына кетті.

Естеріңізге сала кетсек, 24 наурызда Атырауға Амстердамнан 18 жолаушы келді, олардың көбі АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Австралияда оқып жатқан қазақстандық студенттер. Сол күні әскери ұшақпен Бішкектен сал ауруына шалдыққан 10 бала аналарымен бірге жеткізілген болатын. Сонымен қатар 21 наурызда Атырауға чартерлік рейспен Біріккен Араб Әмірліктерінен 126 қазақстандық туристті әкелді.  

Фархат ӘБІЛОВ



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру