Атырауда бейқам жүрген букмекер қамауға алынды

26 наурыз 11:54 816 рет қаралды


Атырауда мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен букмекерлік кеңсе менеджері төтенше жағдай режимін сақтамағаны үшін 10 тәулікке қамалды.

-25 наурызда Сәтбаев даңғылы бойында орналасқан букмекерлік кеңсе ашық тұрып, келушілерді қабылдаған. Ал төтенше жағдай жариялануына байланысты ойын-сауық орындарының жұмысы уақытша тоқтатылған болатын. Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындап, өкініш білдірді, - деп хабарлады әкімшілік соттың баспасөз қызметі.

Кеңсенің 32 жастағы менеджері ҚР ӘҚБтК-нің 476 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 тәулікке қамауға алынды.

Фархат ӘБІЛОВ



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру