Таиланд коронавирусқа байланысты тұтас жабылады

26 наурыз 09:21 290 рет қаралды


Таиланд коронавирустың таралуын тоқтату үшін 26 наурыздан бастап елге кіріп-шығуды толық тоқтатады. Бейсенбі күннен бастап әуежай, теңіз және шекарадағы бекеттер жабылады. 

Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитеттің коронавирусқа байланысты ерекше бұйрығы қабылданғанға дейін шектеулер күшінде болады.

Төтенше жағдай режимі 30 сәуірге дейін созылады. Осы уақыт аралығында стадиондар, сауда нысандары, ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, бар, мейрамхана, жағажайлар жұмысын тоқтатады. Азық-түлік дүкендері ғана істейді.
26 наурыздан бастап премьер-министр немесе арнайы құзырлы органның рұқсатын алған адамдар ғана елге кіре алады. Дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері, халықаралық ұйым қызметкерлері, әуе және кеме экипажының мүшелеріне ғана елден шығуға рұқсат. Бұған қоса, Таиландқа шұғыл жүк жеткізген жұмысшылар, халықаралық келісімге сәйкес белгілі бір тапсырманы орындаумен айналысқан сыртқы істер министрлігінің хаты бар қызметкерлер елден шыға алады.

Соңғы дерек бойынша, Таиландта 934 адамға коронавирус жұққан. Төрт науқас қайтыс болды. 70 адам айықты.

Дереккөз: Азаттық радиосы



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру