«Біз Болат Бушановты қолдаймыз». «Бейбарыстың» ойыншылары мен жаттықтырушылары клуб директорын жақтап шықты, жақында олар Асқар Маминге шағымданған еді

19 наурыз 11:32 1475 рет қаралды


«Бейбарыс» хоккей клубының баспасөз қызметі клубтың ойыншылары,  жаттықтырушылары және жанкүйерлері хоккейдің дамуына қосқан үлесі үшін директоры Болат Бушановқа алғыс білдіріп, жүрекжарды тілектерін жолдаған бейнежазба шығарды.

Осыдан бірнеше күн бұрын осы ойыншылар ҚР премьер-министрі Асқар Мамин және Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың атына ұжымдық хат жазып, клуб директоры Болат Бушановтың үстінен шағым түсірген еді. Айтулары бойынша клуб басшылығы өзіне жүктелген қаржылық міндеттемелерді тиісті дәрежеде орындамай отыр. Атап айтсақ, еңбекақы үнемі кешіктіріліп төленеді, сыйақыны кесіп тастаған, өткен маусымдардың қарызы өтелмей, зейнетақы аударымдары жүргізілмеген.


Клубтағылардың Болат Бушановтың партриоттық сезіміне күмән келтірген шағымға да өз айтары бар. «Бейбарыс» директоры ресей легионерлерін қазақтың салт-дәстүрімен үнемі таныстырып отырады. Жыл басында ол тимбилдинг ұйымдастырып, команданы көкпарға апарып келді. Осындай шаралар бізден басқа клубтарда өткізілмейді.


«Бейбарыс» хоккей клубының баспасөз қызметі



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии отключены.