Ауруханаға жатқызылған шымкенттік тұрғын карантиннен қашып кеткен

17 наурыз 2020 08:27 2620 рет қаралды
Сурет: Тұрар Қазанғапов


Түркістан облысында карантиннен қашып кеткен Шымкент қаласының тұрғыны тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол 10 наурызда Мәскеуден Алматыға ұшып келген. Сол рейстегі жолаушылардың бірінде коронавирустың белгісі анықталған. Сондықтан басқа да жолаушылар Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына 14 күнге карантинге жіберілді. Тәртіпке көнгісі келмеген шымкенттік ер адам ауруханадан қашып кеткен. Дереу іздеу шараларын бастаған полицейлер оны Арыс қаласындағы ата-анасының үйінен тапқан. Сол жерден ол қайтадан Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.

Шымкентттік Вьетнамда жұмыс істеген. Ол әлем бойынша коронавирус тарай бастағанлықтан Алматыға Мәскеу арқылы транзитпен ұшып келген.

Оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы "Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Полиция қызметкерлері істің мән-жайын анықтап жатыр.

Дереккөз: Polisia.kz







Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.