Тоқаев қазақстандықтарды сабырлық сақтауға шақырды

15 наурыз 2020 11:17 2316 рет қаралды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қазақстандықтарды сабырлық сақтауға шақырды.  

"Өкінішке қарай, коронавирус Қазақстанды да айналып өтпеді. Үкімет пен әкімдер өзіміздің және шетел азаматтарының қауіпсіздігі үшін айрықша шаралар қабылдауда. Жағдай толық бақылауда. Сабырлық танытып, жеке гигиенаны сақтау қажет. Арандатушылар жазаланады", - деп жазды Тоқаев Twitter-парақшасында.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.