«"Назарбаев жиенінің" Лондондағы қымбат үйі күдікке ілінді», «Мұнай бағасы түсіп, вирус қысқан шақта теңге де құлдырады», «Бюджеттің бүйірі тесілді: Үкімет Ұлттық қорға тағы қол сала ма?», «”Үшінші дүниежүзілік соғыс” жүріп жатыр».

11 наурыз 10:47 1930 рет қаралды

AZATTYQ.ORG  «"Лагерьден шығып жұмысқа жегілген" қазақтардың хикаясы» - 2017-2018 жылдары Қытайдың Шыңжаң өлкесінде саяси тәрбиелеу лагерінде болған этникалық қазақтар лагерьден кейін де мәжбүрлі түрде жұмыс жегілгендерін айтады. Олардың кейбірі "киім тіксе", екіншісі "киімдерді үтіктеумен" айналысқан.  

«"Назарбаев жиенінің" Лондондағы қымбат үйі күдікке ілінді» - Ұлыбританияның қылмыспен күрес жөніндегі агенттігі Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиевке тиесілі болуы мүмкін деген күдікпен Лондондағы зәулім үйді бұғаттады. Ресми Лондон «қайдан келгені белгісіз байлыққа алынған» үйді тексермек. Бұл туралы британдық ВВС медиакомпаниясы, Transparency International халықаралық ұйымы мен Finance Uncovered үкіметтік емес ұйымы хабарлады.

«Мұнай бағасы түсіп, вирус қысқан шақта теңге де құлдырады» - Әлемде тарап жатқан коронавирус пен ОПЕК+ жиынындағы сәтсіздіктен соң мұнай бағасы құлдырап, соның салдарынан долларға шаққандағы теңге бағамы өсті. Мұнайға тәуелді Қазақстан қандай шаралар қабылдамақ?

«Экономист: Үкіметтің бағаны бақылаймыз дегені ештеңені шешпейді» - 9 наурызда теңгенің долларға шаққандағы құны әлсіреп, ақша айырбастау пунктерінде 1 доллар 400 теңгеге жуықтады. Қазақстан үкіметі мен Ұлттық банк тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жедел шара қабылдайтынын айтып, мәлімдеме жасады. Теңгенің құнсыздануы халықтың әл-ауқатына қалай әсер етеді? Үкімет бағаны бақылай ала ма? Ұлттық банк жасаған өзгерістердің пайдасы мен зияны қандай? Осы сұрақтарға GSB бизнесті талдау орталығының сарапшысы, экономист Мақсат Халық жауап берді.

AZATTYQ-RUHY.KZ «Бюджеттің бүйірі тесілді: Үкімет Ұлттық қорға тағы қол сала ма?» - 9 наурыз күні АҚШ доллары күрт қымбаттап, 398, кей жерлерде 400 теңгеге сатылды. Валюта бағамының құбылуына Brent маркалы мұнай бағасының 30% арзандап, $31 құрауы себеп болды. Осылайша, қара алтын шикізатын өндіретін Ресей мен Қазақстанның ұлттық валюталары төмен құлдилады.

NEGE.KZ «”Үшінші дүниежүзілік соғыс” жүріп жатыр» - Мұнай өндіру көлемін қысқартудан бас тартқан соң, Сауд Арабиясы терісіне сыймай, кәріне мінді. Ресейді нысанаға алып, жазалауға кірісті. Саудиялықтар әлемнің түкпір-түкпіріне мұнайын арзан бағамен жеткізіп беріп, шикізат өндіруді тәулігіне 9,7 миллион баррельден 12 миллион барельге дейін өсіретінін мәлімдеді. 

«Бір сөзбен айтқанда: Бізді не күтіп тұр?» - Кредит пен тамақ қымбаттайды, теңгемен салынған депозит көбірек табыс алып келеді. Осыдан үш жыл бұрынғыдай Ресейден зат тасып кетуіміз мүмкін. Түркия мен Египетті түсімізде көреміз. Дәл қазір экономистердің түсініксіз терминдерін Nege.kz халыққа түсінікті етіп жеткізбек.






Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.