«Назарбаевтың сыры кетіп, сынығы көрінген "алтын дәуірі"», «Құрандағы кірпік, сарымсақ пен су. Коронавирус жайлы жалған ақпарат», «MH17 ұшағының апаты. Үш ресейлік, бір украиналық сепаратист сотқа тартылмақ».

10 наурыз 11:28 6313 рет қаралды

AZATTYQ.ORG  «Құрандағы кірпік, сарымсақ пен су. Коронавирус жайлы жалған ақпарат» - Қазіргі кезде 100-ден астам елге тараған коронавирусты әлем бойынша 111 мың адам жұқтырып, 3800-ден астам адам көз жұмған. Және ондайлар күн санап көбейіп жатыр. Қауіпті дерттен сақтану жайлы пайдалы кеңес іздеген жұрт ғаламдық ақпараттық кеңістікте коронавирус туралы тарап жатқан хабарлардың шыны мен өтірігін айыра бермейді.   

«Италияда қаза болғандар саны 460-тан асты. Бүкіл елде карантин жарияланды» - 9 наурызда Италияда коронавирустан тағы 93 адам қайтыс болды. Елде дерттен көз жұмғандар саны 463 адамға жеткен тұста үкімет бүкіл Италияда карантин жариялады.

«MH17 ұшағының апаты. Үш ресейлік, бір украиналық сепаратист сотқа тартылмақ» - 2014 жылы Украинада құлаған Malaysia Airlines әуе компаниясының MH17 ұшағының апатына байланысты 9 наурызда Гаагада (Нидерланд) сот басталды.

«Сириядан оралған отбасы, Арыс кәсіпкерлерінің мәселесі және коронавирус» - Осы аптада аймақ басылымдары Сириядан отбасымен оралған Орал тұрғынының бастан кешкен оқиғасын, СҚО-да қалайы өндіретін компанияға пайдалануға берілетін ондаған гектар орман алқабының оталуы мүмкін екенін жазды. Бұған қоса, аймақтағы коронавирустан сақтану шаралары мен Арыс кәсіпкерлерінің шағымы туралы жазды.

«"Халықтың кеудесін баспайтын билік болса деймін". Белсенді әйелдердің айтқаны» - Кейінгі бір жылда қоғамда бірнеше саяси ұйым пайда болды және ондай қозғалыстар жұмысын қыз-келіншектер жүргізе бастады. Азаттық тілшісі 8 наурыз әйелдер мерекесі қарсаңында белсенді әйелдермен сұхбаттасқан еді.

«Назарбаевтың сыры кетіп, сынығы көрінген "алтын дәуірі"» - Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев кейінге қалдыратын мұрасына қатты алаңдайтынын көп жылдан бері байқатып келді. Тарих оқулықтарында өз есімі сүйіспеншілікпен аталуы үшін көп еңбектенді. Бірақ өткен жылы отставкаға кеткен Назарбаевтың бұл бейнесі көз алдында көмескіленіп барады.




Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.