Атырау шаң мен желдің құрсауында қалды

9 наурыз 2020 11:21 3232 рет қаралды


Өткен жұмадан бері Атырауда жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жеткен жел көтерілді. Мұнайлы астанада бұл жиі кездесетін құбылыс, әрине. Бір жаман жері сол жел ала шаңды бұрқыратып, қала «тұманға» оранғандай күй кешті.

Қатты жел Махамбет пен Исатай алаңындағы әдемілікке орнатылған арканы құлатты. Аэропортқа апарар жолдың бойында баннерді жыртып әкетті. Ал Алмагүл ықшамауданындағы №21 үйдің сыртқы қаптамасы түсіп қалды. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі желдің бұзған жерлерін жөндеу қолға алынғанын хабарлады.  

Желдің ұйытқуынан қашан да жайсыз жағдай орын алып жатады. Мысалы, өткен жылдың 12 сәуірінде Балықшы ықшамауданында бес қабатты үйдің шатырын ұшырып әкетті, ал 20 желтоқсанда салынып жатқан Республика алаңында 91 метрлік тутұғырды ортасынан қақ бөлді.


Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба  



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.