Жайықтан 20 жасар қыздың денесі табылды

25 ақпан 2020 11:41 3262 рет қаралды


24 ақпанда полиция және ТЖ департаментіне «Атырау» шипажайының маңында Жайықтың бойында ағыспен белгісіз адамның денесі қалқып бара жатқаны туралы хабар түсті.

Атырау облысы бойынша ТЖД хабарлағандай, құтқарушылар судан 20 жасар қыздың денесін шығарып алған, оның кім екені де анықталды. Не себептен жан тапсырғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Фархат ӘБІЛОВ

«АЖ» оқырманының суреті



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.