Саха бақсысы жайлы жазған блогер қамауға алынды

24 ақпан 2020 10:26 1372 рет қаралды


Саха бақсысы Александр Габышевтің Мәскеуге жорығы жайлы жазған блогер Сергей Тихий Якутск қалалық сотының шешімімен 10 тәулікке қамалды. 

Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, блогерге «полицияға бағынбады, бұзақылық жасады» деген айып тағылған. Алайда Сергей Тихий бұл айыптауларды жоққы шығарып отыр. Оның айтуынша, саха бақсысы Габышевтің жорығы жайлы жазғаны үшін «билік үркіп» оны қамауға алып отыр және Ресей бұл әрекетімен «адам құқығын таптаудың үлгісін көрсетті». Габышев былтыр наурыздан бастап Қиыр Шығыстан Мәскеуге қарай жаяу жорық бастаған. Оның пікірінше, «Ресей президенті Владимир Путин қара күштерден пайда болған және онымен тек бақсы ғана күресе алады». Ол осы уақытқа дейін 2800 шақырым жол жүріп, жолшыбай кездескен адамдарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген. 

19 қыркүйекте Габышевты Иркутск облысындағы Выдрино лагерінен автомат пен резеңке таяқ ұстаған бір топ адам ұстап әкеткен болатын. Бақсының үстінен қылмыстық іс қозғалып, психиатриялық сараптама тағайындалған. Amnesty International адам құқығын қорғау ұйымы Александр Габышевті «ар-ұждан тұтқыны» деп атап, Ресей билігін саха бақсысын босатуға шақырған. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.