Түркиядағы жер сілкінісінен 7 адам мерт болды

23 ақпан 15:01 693 рет қаралды


Иранда болған жер сілкісіні салдарынан Түркияда жеті адам опат болды, оның ішінде үш бала бар. Бұл туралы Анадолы агенттігіне сілтемемен ҚазАқпарат хабарлайды. 

«AFAD қызметкерлері Ван провинциясындағы Ван және Озпынар ауылдарына барды. Қираған үйінділер астында адамдар қалып қойған. Жарақат алған бес адам ауруханаға жеткізілді. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр», - деп мәлім етті Түркия ІІМ басшысы Сулейман Сойлу. Иранда 23 ақпанда 5,7 магнитудалы жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 09:22-де Батыс Әзербайжан провинциясындағы Хой қаласында болған.







Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.