Атырауда әйелдер түзету колониясының бастығы ұсталды

13 ақпан 14:31 2898 рет қаралды


Атырауда ҰҚКД қызметкерлері пара алды деген күдікпен УГ-157/11 түзету мекемесінің (әйелдер колониясы) бастығы мен бас есепшісін ұстады.

ҰҚК департаменті мен облыстық прокуратураның бірлесіп жүргізген тексеру жұмысынан кейін ҚР ҚК-нің 366-бабы (Пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жорамалы бойынша, бастық пен есепші қол астындағылардан бірнеше рет 2019 жылғы сыйақылары мен ынталандыру төлемдерінің бір бөлігін алған.

- Атырау тергеу соты ұсталғандарға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Дәлелдемелер базасын бекіту бойынша тергеу шаралары жалғасуда, - деп хабарлады ҰҚК.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.