Атыраудағы нәрестені өлтіру ісі бойынша үшінші айыпталушы пайда болды

11 ақпан 12:40 1907 рет қаралды


«АЖ»-ға белгілі болғандай, жаңа туған нәрестені өлтіру туралы істі тергеу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Атырау облыстық перинаталдық орталығының 53 жастағы акушер-гинекологын ұстады.

Оған Қр ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 3 және 7-тармақтары бойынша (Алдын ала сөз байласу арқылы топтасып, дәрменсіз күйде екенін біле тұра адам өлтіру) айып тағылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол сол қайғылы түнде, яғни өткен жылдың 29 қыркүйегінде жаңа туған баланы тоңазыту камерасына орналастыру арқылы өлтіруге қатысқан.

Осылайша, бұл әйел перинаталдық орталықтың басшысы Қуаныш НЫСАНБАЕВ пен акушер-гинеколог Асқар ҚУАНЫШТАН кейінгі қылмыстық істің үшінші фигуранты болды. Бұрын «АЖ» хабарланғандай, тергеу аяқталуға жақын, көп ұзамай іс сотқа жіберілетін болады.

Фархат ӘБІЛОВ



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.