Қорғаныс министрлігінің генералы жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді

4 ақпан 12:07 808 рет қаралды


Күдікті 2020 жылдың 31 қаңтапрынан бастап үйқамаққа алынған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Қорғаныс министрлігінің кадр және әскери білім беру департаментінің бастығы, ҚР Қорғаныс министрлігінің генерал-майорын әшкереледі.

«Қызметтік саласы мен міндеті бойынша кәсіби даярланған әскери кадрларды іріктеу мен орналастыруды, ескерту, алдын алу жұмыстарын жүргізуге, өз қатарларында тазалықты қамтамасыз етуге және жеке құрамның іс-әрекеттеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға міндетті жоғары лауазымды шенеунік жалпы қамқорлығы мен қызмет бабында алға жылжуы үшін қол астындағылардан айтарлықтай мөлшерде жүйелі негізде пара алған деп күдіктелуде», - деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Агенттіктің хабарлауынша, күдікті кінәсін мойындаған және қорғаушының қатысуымен іс жүргізу келісімін жасау туралы өтініш білдірген. Күдікті 31 қаңтардан бастап үйқамақта отыр.

Дереккөз: Азаттық рухы



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.