Есболда ауыл тұрғындарын ұрған полицейлердің соты басталды

2 ақпан 23:23 3357 рет қаралды

Фото: Nur.kz

Өткен жылдың маусым айында Индер ауданындағы Есбол ауылында полиция жүргізуші куәлігі жоқ жергілікті тұрғын мен оның досын ұстап, арнайы құралдар – сойыл, электршокер және көз жасаурататын газ пайдаланған. Кейін ұсталғандарды әкімдікте орналасқан учаскелік инспектордың бөлмесіне алып барғанда, полицейлердің қатал әрекеттері мен заңсыздықтарына күйінген елуден аса есболдық арттарынан осы жерге келді. Наразы жұртқа ақсақалдар мен ауыл әкімі басу айтқанымен, адамдар тек ұсталғандар босағаннан кейін ғана тарады. Міне, енді осы іс бойынша аудандық полиция бөлімінің екі офицерінің үстінен билігін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс (ҚР ҚК-ның 362-бабы) қозғалып,  сот процесі басталды.

Енді аудандық полиция бөлімінің екі лейтенантының тағдырын сот шешеді. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА




Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.