Орталық көпір 23 қаңтарға қараған түнде ашылады

22 қаңтар 10:37 763 рет қаралды


Бұл туралы Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ринат ЖАНГЛИШОВ тиісті қызметтер басшыларының қатысуымен өткен кеңесте мәлімдеді.

– 23 қаңтарда сағат 00:00-де орталық көпір бойынша көлік қозғалысы қалпына келтіріледі. Қалалық ТКШ бөлімі мен полиция басқармасына жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылауды және тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын, – деді ол.

Көпірді тексерген мамандардың қорытындысы негізінде Р. Жанглишов кейбір шаралар қабылдап, ережелерді сақтау қажеттігін атап өтті. Атап айтқанда, көпір ашылғанға дейін 3.4 (жүк автомобильдерінің қозғалысына тыйым салу), 3.11 (массаны шектеу), 3.24 (жылдамдықты шектеу) жол белгілерін орнату, сондай-ақ көпірдің үстінде көліктің кептелуіне жол бермеу және автокөлікпен сағатына 40 километрден аспайтын жылдамдық режимін сақтау. Қоғамдық көліктер бұрынғы маршруттарына қайта оралады. Сондай-ақ, Жанглишов көпір 1965 жылы салынғанын және күрделі жөндеу жиырма жыл бұрын жүргізілгенін тағы да еске салды.

- 2016 жылы тағайындалған орталық көпірдің техникалық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша оның кейбір тіректері ескірген және  күрделі жөндеу қажет. Күрделі жөндеудің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберілді, – деп толықтырды әкімнің орынбасары.

Анастасия АЛЮШИНА

Суретті түсірген автор



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.