Атырауда масаң бойжеткен көпірден секірмек болды

20 қаңтар 16:40 1168 рет қаралды


9 қаңтар күні таңда орталық көпірден секірмекші болып, таянышынан өткен бойжеткенді полицияның екі қызметкері мен кездейсоқ өтіп бара жатқан жаяу адам құтқарып қалды.

- Таңғы сағат алтыда мен орталық көпірмен балабақшадағы жұмысыма бара жатқанмын. Бір кезде мені бір ер адам «апа, көмектесіңізші, мына жерде бір қыз көпірден секірмекші» деп тоқтатты, - дейді қала тұрғыны Ақсұлу НЫСАНҚЫЗЫ.Біз полицияға қоңырау шалып, әлгі қызды секірме деп көндіре бастадық, бірақ ол біздің сөзімізге құлақ аспады.  

Сәлден соң Атырау ҚПБ патрульдік экипажы келді.

- Енді әрекетсіз отыруға болмайтыны белгілі болды, мен тіреуіш арқылы оның қолына жабыстым, ол сол кезде бүткіл салмағымен төмен қарай сырғанап кетуге тырысты. Оны ұстап қалуға қасымыздағы ер адам және менің серіктесім Нұржан ӘБЕНОВ көмектесті. Барлығымыз жабылып, оны қауіпсіз жерге шығардық, - дейді полицей Ораз ТӘЖІКЕНОВ.

Наркологиялық диспансерде 19 жастағы бойжеткеннің «жеңіл дәрежелі масаң» күйде болғандығы анықталды.  


Фархат ӘБІЛОВ

Бейнежазбаны ПД баспасөз қызметі ұсынды



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.