Қауесет расталды: Атырау әкімі қызметінен кетті

14 қаңтар 14:48 3081 рет қаралды


Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТҰМҰРАТҰЛЫ өз еркімен қызметінен кету туралы арыз жазыпты деген қауесет рас болып шықты. Бүгін, 14 қаңтарда, мұнайлы астананың әкімі қала активімен қоштасты.

Бір апта бұрын осы сыбысқа қатысты «АЖ» сұрағына қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Әлібек НАУАРОВ әкімнің еңбек демалысында жүргенін айтқан еді. Демалыстан шыққаннан кейін ол бірден лауазымды орнын босатқан.

- Бүгіннен бастап мен өз еркіммен қала әкімі лауазымын босатып жатырмын. Қызметімде қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымды білдіремін, қала тынысы үшін сіздерсіз көптеген оңды өзгерістер жүзеге аспас еді. Қызметімізде біз әрқашан халықтың мүддесі мен ел және аймақ басшылығының нұсқауларын басшылыққа алдық. Мен қаламызды үнемі уайымдаймын және оның өркендегенін қалаймын. Ал сіздердің табыстарыңыз бен жетістіктеріңіз үшін шын жүректен қуанамын! – деп жазыпты Құттұмұратұлы өзінің Facebook-тегі парақшасында.

35 жастағы Ақтөбе облысының тумасы Әлимұхаммед Құттұмұратұлы 2018 жылғы маусымда мұнайлы астанаға басшы болып, бұл лауазымын бір жарым жыл атқарды.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ринат ЖАНГЛИШОВ қала басшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

Фархат ӘБІЛОВ



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Перейти к комментариям (6)