Атырауда мас күйінде көлік жүргізген бес жүргізуші қамауға алынды

14 қаңтар 14:16 2257 рет қаралды


Атырау қаласының әкімшілік соты бір күннің ішінде мас күйінде көлік жүргізген 5 адамды қамауға алды. Ал 11 қаңтарда Қазақстанда Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне өзгерістер енгізілгені белгілі. Бұған сәйкес көлік құралдарын мас күйінде жүргізген жүргізушілердің жауапкершілігі (608 - бап) күшейтілді.

- Иә, бізде алкоголь ішімдікке масайған күйде көлік жүргізген Атырау тұрғындарына қатысты бірнеше әкімшілік істер қаралды. Құқық бұзушылықтар дәрігерлік куәландыру нәтижелерімен расталды, - деп хабарлады «АЖ»-ға мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, енді мас жүргізушілер 3 жылға жүргізушілік құқығынан айыру орнына 7 жылға жүргізушілік құқығынан айырыла отырып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады. Атырау әкімішілік соты ұсталған 5 жүргізушіге қатысты дәл осындай шешім шығарды.

Фархат ӘБІЛОВ



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.