Украиналық лайнерді Иранның әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері атып құлатқан

10 қаңтар 09:36 723 рет қаралды


"Международные авиалинии Украины" әуекомпаниясының Boeing 737-800 ұшағын Тегеранда Иранның зенит-зымыран кешені атып құлатқан. Мұндай нұсқаны Newsweek газетіне Пентагон өкілі, АҚШ барлау қызметінің жоғары лауазымды өкілі әрі Ирак арнайы қызметінің қызметкері айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

Спикер басылымға берген сұхбатына қарағанда, Пентагонның пайымынша, украиналық лайнер "қателіктен" атып түсірілген.  CBS News басылымы болса өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып, америкалық жерсеріктердің "жер-әуе" типіндегі екі зымыранның инрақызыл "жарқылын" тіркегенін хабарлады. АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы бұл мәселеде пікір білдіруден бас тартқан. Мұның алдында Интернетте Иранда Boeing 737-800 құлаған орыннан түсірілген деген бірнеше сурет пайда болды. 

Еске салайық, Киевке бағыт алған Boeing 737-800 ұшағы таңғы уақытта Тегерандағы әуежайдан ұшып шыққан бетте апатқа ұшыраған. Ресми мәлімет бойынша, 176 адам қаза тапқан: 167 жолаушы Иран, Украина, Канада, Германия, Швеция, Ауғанстан азаматтары және экипаждың 9 мүшесі.

Дереккөз: Tengrinews.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.