Иран Трамптың басы үшін 80 млн доллар сыйақы жариялады

8 қаңтар 10:27 606 рет қаралды


Иранның мемлекеттік телеарнасы АҚШ президенті Дональд Трамптың басы үшін 80 миллион доллар көлемінде сыйақы беретінін жариялады. Бұл туралы The Mirror жазады.

Телеарнадан айтылғандай, Иран халқының саны 80 миллион адам болғандықтан, әрқайсысынан бір доллардан жинап, сол ақшаны американың басшысын өлтіретін адамға аударуға болатынын айтты. Бұл мәлімдеме 3 қаңтарда қаза тапқан Ислам революциясының сақшылары корпусының генералы Касем Сулейманимен қоштасу рәсімі кезінде жасалды.

En24 басылымы атап өткендей, бұл мәлімдемені насихат элементі ретінде қарастыруға болады.

3 қаңтарда Бағдад әуежайына зымыранмен соққы беру кезінде Ислам революциясының сақшылары корпусының "Аль-Кудс" арнайы күштерінің қолбасшысы, генерал Сулеймани мерт болды.

Иранның жоғары дәрежелі әскери қолбасшысын жоюға АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі бұйрық берген.

Тегеран генералдың өліміне жауап ретінде АҚШ әскери нысандарына шабуыл жасауға уәде берді, ал Трамп бұл жағдайда АҚШ Ирандағы 52 нысанаға соққы береді деп қорқытты.

Дереккөз: Zakon.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.