Өзбекстандағы парламент сайлауының нәтижесі жарияланды

6 қаңтар 2020 15:41 1479 рет қаралды


Кеше Өзбекстан парламенті Заң шығару палатасы және жергілікті кеңестер депутаттығына кандидаттарға қайта дауыс беру өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА-ға сілтеме жасап. 

Агенттіктің хабарлауынша, қайта дауыс беру 25 сайлау округінде өткізілген. Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, қайта сайлауда Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясынан 11, «Миллий тикланиш» демократиялық партиясынан 2, «Адолат» социал-демократиялық партиясынан , Халық демократиялық партиясынан және Өзбекстан Экологиялық партиясынан төртеуден кандидат Заң шығару палатасының депутаты болып сайланған. Еске сала кетейік, 2019 жылғы 22 желтоқсанда өткен парламент сайлауында Өзбекстан либерал-демократиялық партиясынан 43 депутат сайланып, парламентте басымдыққа ие болған еді. Либерал-демократтар қайта сайлау нәтижелері бойынша өз басымдықтарын нығайта түсті.


Дереккөз: Inform.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.