Қалдықты шығару тарифі едәуір өсуі мүмкін

29 желтоқсан 2019 14:24 1158 рет қаралды


Қалдықты шығару тарифі көппәтерлік үйлерде бір айда әр адам үшін 117 – ден  296,98 теңгеге, жеке секторда 126,18 теңгеден  323,44 теңгеге дейін өсуі мүмкін.  Бұл ақпарат Аймақтық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтылды.

«Арнаулыавтобаза» ЖШС директоры  Алмас ІЗТІЛЕУОВ:

- Жаңа тариф қалалық мәслихат депутаттарының талқылауына ұсынылатын болады. Депутаттар оны бекітеді деп үміттенемін, өйткені, ол экономикалық жағынан нақты негізделген. Қазір барлық өңірлерде тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару тарифі қаралып, өсіп жатыр. Бұл жаңа Экологиялық кодекстің енгізілуіне байланысты болып отыр. Шілдеде біз қалдықтарды сұрыптаушы кешенді ашқан болатынбыз, енді оны одан әрі дамыту керек. Жаңа тариф қалдық алаңдарын жасақтауға және ТҚҚ қайта өңдеуді бастауға мүмкіндік береді.

Ізтілеуов  сондай-ақ, жол жұмысшыларының саны 338 адам екенін хабарлады және олардың санын  350 адамға дейін жеткізу жоспарланып отыр деді.

Бүгінгі таңда 47 бірлік техника, оның ішінде 24 қоқыс таситын машина, 16 тіркемесі бар трактор, 3 самосвал жұмыс істейді.

- Бір кездері «Арнаулыавтобаза» басшылығы қалдықты шығару ақысының төмендігіне шағымданған болатын. Бүгінгі күнгі ахуал қалай?

- Біздің  абоненттік базада 222 мың тұрғын бар. Алым  92% құрайды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.