Мемлекеттік кіріс департаменті басшысы өз қызметкерінен пара алды деген күдікке ілінді

19 желтоқсан 2019 14:35 4086 рет қаралды

Қайрат ЖҰЛМҰХАМБЕТОВ.

Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

- "Ол жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысынан қызмет бабында алға жылжуы және жалпы қамқорлығы үшін талап етілген 10 мың АҚШ долларынан 3 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деп күдіктеледі", - делінген хабарламада.

Баспасөз релизінде МКД басшысының есімі аталмайды, сірә, бұл биыл мамыр айында осы лауазымға тағайындалған 43 жастағы Қостанай облысының тумасы Қайрат ЖҰЛМҰХАМБЕТОВ болса керек.

«АЖ» дереккөздері хабарлағандай, құқық қорғау органдарында сотқа дейінгі тергеу ісімен астанадан келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел-тергеу тобы айналысуда.

Фархат ӘБІЛОВ



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.