Түркістан қалалық полициясының басшысы қызметінен уақытша шеттетілді

14 желтоқсан 2019 22:03 1895 рет қаралды

Түркістанда мұғалім ұсталғаннан кейін Полиция басқармасының басшысы Данияр Мейірхан қызметінен уақытша шеттетілген.

Мейірхан Данияр өзінің Instagram парақшасында сол күні не болғанын және мұның соңы қалай болғанын егжей-тегжейлі түсіндірген.

"...Бүгін таңертеңгі сағат 8-де мен генералға егер менің жұмысым сапалы болмаса, мені қызметімнен босатуыңызды өтінемін деп мәлімдедім. Мен мамыр айында Түркістанға тәртіп орнату үшін келдім. Біз қаланың қауіпсіздігі міндеттерін орындау үшін күндіз-түні жұмыс жасадық... Нәтижесінде менің міндетім 80% орындалды деп санаймын. Түркістандағы ахуал туралы көрсеткіштерден көруге болады... Қазір оқиға бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде. Мен әрқашан заң аясында әрекет жасадым", дейді Мейірхан Данияр.


Түркістан облысы ДП басшысының бұйрығымен Түркістан полиция басқармасының бастығы Данияр Мейірхан қызметтік тергеу кезеңінде қызметінен шеттетілді.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.