​Аяғымен іс тігетін кәсіпкер әйел марапатталды

14 желтоқсан 2019 15:33 778 рет қаралды


Тәуелсіздік күні қарсаңында Ұлттық экономика министрлігінде Президент Жарлығымен берілген мемлекеттік наградаларды салтанатты табыстау рәсімі өткізіліп, марапаттарды Президент атынан ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов тапсырды, деп хабарлайды "Ақ Жайық" аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына сіңірген еңбегі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін кәсіпкер Анар Бексұлтанова «Шапағат» медаліне ие болды.

Осыдан 4 жыл бұрын Тараз қаласында тұратын Анар Бексұлтанова екі қолының жоқтығына қарамастан, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 3 миллион теңге қайтарымсыз грант ұтып алып, тігін цехын ашқан. Содан бері елден тапсырыс алып қыз жасауын тігуде. 


Мүмкіндігі шектеулі шебер тігін тігуден бөлек, гүл өсіріп, сурет салады. Қылқаламынан туған дүниелері түрлі көрмелерге қойылып жүр.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.