«496 разъезд» «Болашақтан» алыс жерге орналасты

14 желтоқсан 2019 15:05 1670 рет қаралды

Атырау облысындағы «№ 496 бекет»  ауылындағы 16 отбасы көптен күткен пәтерлеріне ие болды. Жергілікті бюджет есебінен станция тұрғындары Жұлдыз ықшамауданындағы жаңа тұрғын үйлерге көшті.


Он жылдан бері тұрғындар жергілікті биліктен оларды жайлы үйлерге көшіруді сұрады, өйткені Атырау әкімдігінің қарамағындағы шағын ауылда газ, мектеп, балабақша және жол жоқ. Сонымен қатар ол жақта «Болашақ» зауыты орналасқандықтан, экология нашар.


Осыдан екі жыл бұрын «№ 496 бекет» тұрғындары Атырау облысы әкімінің есепті жиналысына қалаға көшіру туралы өтінішпен келген еді. Нұрлан НОҒАЕВ ауыл тұрғындарына олардың мәселесі қаралатынын, жергілікті атқарушы органдар мәселені шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты.


-Біз бұл күнді он жылдан астам уақыт күттік және ақырында бұл орындалды. Біз енді жаңа өмірді бастайтынымызға сенімдіміз, - деді көп балалы ана Гүлзада ИСМАҒАМБЕТОВА.  - Балалар өте қуанышты, қазір олар үйірмелер мен секцияларға қатыса алады, ал жолдасым екеумізге жұмысқа жету өте ыңғайлы. Ең бастысы -  қыста жылы әрі жайлы болмақ.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суреттерді ұсынған Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.