​Атырау браконьерлерінің «рекордтары» ұсақталып барады

14 желтоқсан 2019 12:23 1727 рет қаралды

Атырау облысы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері Каспий теңізінде браконьерлікпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың бірнеше мүшесін ұстады. Олардың барлығы Атыраудың тұрғындары.  Әрекеттері қарапайым – бекіре тұқымдас балықтарды аулап, қара базарда сатқан.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлағандай, олардың қылмыстық іс-әрекетінің нәтижесінде мемлекетке 64 млн теңгеден астам шығын келтірілген, заңсыз айналымнан 139 кг қызыл балық және 11 кг қара уылдырық тәркіленді. Жергілікті департамент ҚР ҚК 335-бабының 3-тармағының  1, 4-бөліктері («Алдын ала сөз байласқан адамдар тобының бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз алуы») және 339-бабы («Пайдалануға тыйым салынған жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу») бойынша қылмыстық іс көтерді.

139 келі қызыл балық рекордтық көрсеткіш емес. Мысалы, екі жыл бұрын Жанбай ауылының төрт тұрғыны бір тоннадан астам бекіре тұқымдас балығымен ұсталды. Кейін сот оларды шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айырып, 252 миллион теңгеге айыппұл салды. Осындай көлемді қаражатты олар мемлекетке қайтарды ма, жоқ па - белгісіз. 

Фархат ӘБІЛОВ



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.