Жайық жағасында Хамит ескерткіші ашылды

13 желтоқсан 2019 21:08 1759 рет қаралды


Бүгін, 13 желтоқсанда, Атырау қаласындағы Хамит Ерғалиев жағалауында (АМУ мен Бейбарыс даңғылына дейінгі Жайықтың оң жақ жағалауы осылай аталады) Қазақстанның халық жазушысы, ақын Хамит ЕРҒАЛИЕВТІҢ ескерткіші ашылды.

Мүсінді Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының оқытушысы, белгілі суретші Нұрғалым ИСАБАЕВ жасаған. Ескерткіштің жалпы биіктігі - 7 метр.


- Хамит Ерғалиев өлеңдерінде Жайығым деп жырлап өткені белгілі. Жазушының мүсіні де өзі жырлаған Жайыққа қарап орнатылды, - деп атап өтті Атырау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ақылбек РЫСҚАЛИЕВ. - Қазіргі кезде жағалауда жүріп жатқан абаттандыру жұмыстары 2020 жылдың сәуірінде аяқталып, Хамит Ерғалиев жағалауы тұрғындардың демалатын орнына айналады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.