Атырауда қала маңындағы үйлердің бірінен үш адамның мүрдесі табылды

10 желтоқсан 2019 23:08 5730 рет қаралды


Бүгін, 10 желтоқсан күні Атырау қаласы маңында орналасқан Жұлдыз ықшамауданындағы үйлердің бірінде екі ер адам және бір әйел адамның өлі денесі табылды.

Оқиға орнында қан іздері және зорлықпен болған өлімнің еш белгілері табылған жоқ. Алдын ала болжам бойынша, барлығы ағайынды адамдар. Өлімінің болжамды себебі – газге уланған. Бірақ, нақты жауабы сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.

-10 желтоқсанда сағат 17.30 шамасында Жұлдыз ықшамауданындағы жеке үйде үш адамның мүрдесі табылды (1927, 1971, 1978 ж.т.). Дәл қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 306 бабының 3 тармағымен (Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады Атырау облыстық прокуратурасы. - Тергеу барысын облыс прокуроры өз бақылауына алды. 

Фархат ӘБІЛОВ

Куәгерлердің суреті



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.