15 жылдан кейін ашылған қылмыс

10 желтоқсан 2019 00:47 3542 рет қаралды


Көп кездеспейтін жағдай: полиция ұзақ жыл бұрын жасалған қылмыстық істі ашты. 2004 жылдың жазында Құлсары қаласындағы ауруханаға пышақталып, ауыр дене жарақатын алған ер адам түсті. Дәрігерлер оны құтқарып үлгерді. Ал қылмыс жасаған адам көзден таса болып, бұл қылмыс із кесушілер тілімен айтсақ, «висяктардың» қатарына ілінді.

Дегенмен жақында күдікті - 34 жасар Шымкент тумасы  Алматы қаласында ұсталып, Атырау қаласының тергеу изоляторына қамалды.

-ҚР ҚК 24 бабының 3 тармағы – 99 бабының 1 тармағы бойынша  сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда («Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу»), – деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ләззат ҚАРАЖАНОВА



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.