«Нұр-Сұлтан Мәскеуден алшақтады ма? "Назарбаев-Тоқаев дуэтінің" беталысы», «ҚДП: Билік Қытайдан қорқады», «Комсомол Тасмағамбетов пенсионер болды», «Бір лауазымды қызметте бірнеше рет болғандар».

9 желтоқсан 2019 16:34 2764 рет қаралды

AZATTYQ.ORG  «Нұр-Сұлтан Мәскеуден алшақтады ма? "Назарбаев-Тоқаев дуэтінің" беталысы» - Батыс баспасөзі осы аптада Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдықтардың өзгергенін, оның Орталық Азиядағы көршілеріне жақындап, Ташкентпен бәсекеге түсе бастағанын жазады. Халықаралық басылымдар латын қарпіне көшудің астарына үңіліп, Қазақстан астанасын Солтүстік Кореядағы «утопия-қаламен» салыстырады.

«"Лагерь адамның сағын сындырады". Шыңжаңнан келген қазақтардың әңгімесі» - Қытайдан Қазақстанға көшіп келген ерлі-зайыпты Мұратхан Айдарханұлы мен Зағи Құрманбайқызы "Шыңжаңдағы лагерьде жылға жуық отырып шықтық" дейді. Олар Азаттыққа қамауда көргендерін айтып берді.

ZHASALASH.KZ. «ҚДП: Билік Қытайдан қорқады» - Бүгін Алматы қаласындағы адам құқықтары мен заңдылықты қорғау бюросында Қытайдан Қазақстанға заңсыз өткен Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлына қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Қазақстан демократиялық партиясын құрушы бастамашыл топ өкілдері Төлеген Жүкеев, Жанболат Мамай және Ырысбек Тоқтасын қатысты.

«Комсомол Тасмағамбетов пенсионер болды» - Бүгін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасына толды.

AZATTYQ-RUHY.KZ «Бір лауазымды қызметте бірнеше рет болғандар» - Кадр тапшылығы ма, белгісіз. Бірақ Қазақстанда бір қызметті бірнеше рет атқарған, тіпті «ен салып», меншіктеп алған шенділер көп.




Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.