​Ақтаудағы жекеменшік балабақшада бір жасар бала қайтыс болды

8 желтоқсан 2019 15:55 804 рет қаралды


Ақтауда бір жасар бала жекеменшік балабақшалардың бірінде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 6 желтоқсанда түскі уақытта болды. Сәби 27-ші шағын ауданда орналасқан жекеменшік балабақшада бала күтушінің үйінде көз жұмды. Өлім себептері белгісіз, болжам бойынша, балада аллергия болған. "Оқиға ҚР Қылмыстық Кодексінің 1-бабы бойынша Ақтау полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Дереккөз: Tengrinews.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.