«Ақ Жайықтың» жаңа жылдық номинацияларын бірге жасайық

6 желтоқсан 2019 11:25 3188 рет қаралды


Біздің басылымның жыл соңында түрлі номинациялар бойынша қорытынды шығаратын  көпжылдық дәстүрі бар. Әдетте, біз мұны бұрын өз қалауымызша жасап келдік, ал биыл, қымбатты оқырмандар, бұл таңдауға сіздерді де қатыстыруды жөн көріп отырмыз.  

Біздің тарапымыздан тек номинациялардың атауы ғана ұсынылмақ, өңірімізде өткен жылы қандай айтулы оқиғалар болды, олардың ең таңдаулысын таңдауды сіздің қалауыңызға қалдырдық. Бәлкім, басқа да нұсқаларды ұсынып көрерсіз?!

  • 1. «Жыл сыйлығы» - бұл сөзді  тура мағынасында да, ауыспалы түрде де қолдануға болады, өйткені, сыйлықтар түрлі болады ғой.
  • 2. «Жыл оқиғасы» - жағымды немесе жағымсызы маңызды емес
  • 3. «Жыл қылмысы»
  • 4. «Жыл сәтсіздігі»
  • 5. «Жыл спортшысы»
  • 6. «Жылдағы төтенше жағдай»
  • 7. «Жылдың жағымды жаңалығы»
  • 8. «Жыл батыры»
  • 9. «Жылдың жағымсыз кейіпкері»
  • 10. «Жыл наразылығы»


Біз осы жарияланым астындағы барлық комментарийлерді бақылап отырамыз және нақты тізім жасалған кезде міндетті түрде қолданамыз. Сіз әлі «Комментарий қалдыру» сілтемесін баспадыңыз ба? Менің ойымша, оның сәті келді!

Анастасия АЛЮШИНА 



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.