Атырауда екі жасар сәби 3-қабаттағы терезеден құлап кетті

2 желтоқсан 12:53 1614 рет қаралды


"АЖ"-ға белгілі болғандай, 22 қарашада Атырауда М.Өтемісов атындағы Драма театры маңындағы үйлердің бірінде 2 жасар қыз 3-қабаттағы терезеден құлап кеткен. Бағына орай, сәби тірі қалып, түрлі жарақаттармен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

Дәрігерлер бас сүйек-миы жабық жарақаттанып, миы шайқалған деген диагноз қойды. Қазіргі уақытта сәби ауруханада ем алуда.

Бұған дейін, жыл басынан бері Атырауда осындай үш оқиға орын алып, біреуі сәби өлімімен аяқталған еді.

Фархат ӘБІЛОВ



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Перейти к комментариям (1)