​Киевте депутаттың ұлы атыстан қаза тапты

2 желтоқсан 12:08 540 рет қаралды


Киевтегі Лев Толстой көшесінің бойында белгісіз ер адам ресторатор, облыстық кеңес депутаты Вячаслав Соболевтың көлігіне оқ жаудырды, - деп хабарлайды ТСН. 

Range Rover автокөлігін тізгіндеген Соболевтың сөзінше, атыс кезінде оның ұлы көз жұмған. Оқиға жексенбіде шамамен сағат 17:00-де болған.  

"Ер адам С., есімді азаматқа оқ атқан. Алайда оқ автокөлікте отырған үш жасар балаға тиген. Бала жедел-жәрдем көлігінде жолда қайтыс болды. Адам өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді Киев полиция бөлімінің байланыс бөлімшесі.  


Бүгінде қала бойынша Lexus көлігінің иесі әрі күдіктіні іздеу бойынша "Сирена" жедел жоспары құрылған.  Ресторатор әрі облыстық кеңес депутаты Вячаслав Соболев үйленген. Үш ұл, екі қызы бар. Қайтыс болған оның ең кіші ұлы екен.

Дереккөз: Tengrinews.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру