Атырау қонағының пәтерінен көп мөлшерде қарасора табылды

1 желтоқсан 20:40 1791 рет қаралды


Атырауда полицейлер 36 жастағы Өзбекстан азаматының уақытша тұратын пәтерін тексеру барысында 1,5 келі кептірілген қарасора тапты. Шетелдік абақтыға қамалып, ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлімі («Аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз пайдалану») бойынша қылмыстық іс көтерілді.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі тағы бір ескірткі саудалау қылмысы туралы хабарлады: 35 жастағы атыраулық әйелден 2 граммдай синтетикалық есірткі табылған. Жалпы, жыл басынан бері 5 синтетикалық есірткі заттарын заңсыз айналымға салу фактісі анықталған.

ПД-ның облыстық есірткі қылмысына қарсы басқармасы шұғыл желі ашты. Егер есірткі заттарын заңсыз сату фактілерін кездестірсеңіз, watss app мессенджері арқылы 8775 184 89 49 номеріне хабарлау керек.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.