Ресейде жаңа ұлттық қозғалыс құрылды

1 желтоқсан 15:18 531 рет қаралды


Мәскеуде "Адам құқығы үшін" ("За права человека") атты жаңа ұлттық қозғалыс құрылды. Бұл туралы сенбіде ұйымның құрушысы Лев Пономарев хабарлады. Ресей жоғарғы соты әділет министрлігінің талабымен бұған дейін қозғалыстың жұмысын тоқтатқан.

Пономарев қозғалыстың құрылғанын 30 қарашада ресейлік "Коммерсант" басылымына айтты. Жаңа қозғалысқа Пономаревпен бірге жұмыс істеген құқық қорғаушылар кіреді.

Пономарев бұл қозғалыс заңды тұлға ретінде тіркелмейтінін, тек құқық қорғаушылар мен экологиялық ұйымдардың басын біріктіретін коалиция болатынын айтқан.

22 жыл жұмыс істеген бұл қозғалыстың жұмысына Ресей жоғарғы соты 1 қарашада шектеу қойған. Ұйым тарар алдында мемлекеттік гранттарынан айырылып, "шетел агенті" тізіміне қосылған.

Сенбіде Мәскеуде қозғалыстың съезі өтіп, жарғысына өзгерістер енгізілді. Қозғалыстың жиыны өтуі тиіс ғимараттың жетекшісіне қысым болып, ұйымдастырушылар шараны басқа жерде өткізген.

Дереккөз: Азаттық радиосы






Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.